КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ-САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ «ЖАЗҒЫ ДАМУ КЕҢІСТІГІ»
02.06.2026
"Zhylandy Ethno Camp" Aul Life Бағдарламасы
01.06.2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары
05.05.2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі
05.05.2026
АНАЛИТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
05.05.2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру
2026 жылғы 23 сәуір сағат 15:00-де Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы Жеңіс көшесі, 148, мекен-жайында (16 кабинет) «Жетісу облысының білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтеді.
Анонс сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша жұртшылықты хабардар ету үшін жүргізіледі.
Сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласа аласыз: 8-728-33-35473, 8-701-435-5066 Дулыканова Лаура Темиргалиевна.
17.04.2026
Хабарландыру
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ 2026 жылғы 13-30 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізу жоспарлануда:
1) бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда келесі телефондарға хабарласа аласыз: Дулыканова Лаура Темиргалиевна, 87014355066
30.03.2026
Тағайындау
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 80, 130 тармақтарына және Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы «Республикалық кадр резервіне қабылданған үміткерлер тізімін бекіту туралы» №96 бұйрығына сәйкес Абдулаева Жанна Аукеновна 2026 жылдың қаңтар айының 08-нен "Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Достық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымына тағайындалды.
15.01.2026
Тағайындау
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабы 1,2-тармақтарына, «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау бойынша Конкурстық комиссиясының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы отырысының хаттамасына сәйкес Садиева Айнагуль Тезекбаевна 2026 жылдың қаңтар айының 08-нен "Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жанама қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымына тағайындалды.