«Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қалалық балалар шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» 2000 жылдың желтоқсан айында ашылған.
- Орталық директоры – Уалиева Асия Уалиевна.
- «Үшарал қалалық балалар шығармашылық орталығында» 6-17 жас аралығындағы барлығы 610 оқушы қосымша білім берумен қамтылған.
- Қазіргі таңда шәкірттерге 14 мұғалім дәріс беруде.
- Орталықта 17 үйірме, 3 бағыт (музыка, өнер және кәсіби бағдар бағыты) бойынша жұмыс істейді:
Музыка бағытында: Домбыра, вокал, фольклорлы ансамбль, терме, фортепиано, хор, дәстүрлі ән, қобыз.
Өнер бағыты бойынша: Бейнелеу өнері, би, колөнер, көркемсөз, қуыршақ театры
Кәсіби бағдар бағыты бойынша: Робототехника, ағылшын тілі, тігін, тоғызқұмалақ үйірмелері жұмыс істейді.
Тұлғаны тәрбиелеуде, оның шығармашылық дамуы мен өзіндік дамуындағы қажетті буын – бұл көркемдік білім беру. Орталық осы көркем-эстетикалық қосымша білім беру бағытында жұмыс істейді.
Музыкалық және көркем бағыттағы балаларға қосымша білім беру ұйымдары кәсіби-бағдарлы бағдарламаларды да, жалпы көркем-эстетикалық дамудың білім беру бағдарламаларын да іске асырады, мәдени-ағарту және мәдени-бос уақыт функцияларын атқарады, балаларды көркем құндылықтарды тұтыну қасиеттеріне тәрбиелейді. Көркем білім беру балаға тануға және шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілікті қабылдауға, өзін-өзі барынша іске асыруға, пәндік, әлеуметтік, кәсіби, жеке тұрғыда өзін-өзі анықтауға мүмкіндік береді.
- Мектепте шығармашыл ұжымдар құрылған:
- «Алакөл әуендері» халықтық мұғалімдер вокалдық тобы
- «Жас қыран» ұлдар вокалдық тобы
- «Атамұра» халық аспаптар ансамблі
Орталық шәкірттері аудандық, қалалық мәдени көпшілік іс-шараларға, түрлі тақырыптық байқаулар, фестивальдер, көрмелер, концерттер, кештер, танымал тұлғалармен болатын кездесулер сияқты шараларды өткізу дәстүрге айналған. Үйірмелерде мәдениеттілікке, әдептілікке, елжандылыққа тәрбиелеу іс-шаралар өткізу, үйірме жетекшілерінің ата-аналармен байланысы, оқушылармен қарым-қатынасын жанжандыру жұмыстары алға қойылған.